Стихи Абая Кунанбаева(Абай Құнанбайұлы) на казахском языке о природе

Жазғытұры
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін косар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.

Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

Жаз
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Жаздыгїн шілде болєанда,
Кґкорай шалєын, бјйшешек,
Ўзарып ґсіп толєанда;
Кїркіреп жатќан ґзенге,
Кґшіп ауыл ќонєанда;
Шўрќырап жатќан жылќыныѕ
Шалєыннан жоны ќылтылдап,
Ат, айєырлар, биелер
Бїйірі шыєып, ыѕќылдап,
Суда тўрып шыбындап,
Кўйрыєымен шылпылдап,
Арасында кўлын-тай
Айнала шауып бўлтылдап.
Жоєары-тґмен їйрек, ќаз
Ўшып тўрса сымпылдап.
Ќыз-келіншек їй тігер,
Бўрала басып былќылдап,
Аќ білегін сыбанып,
Јзілдесіп сыѕќылдап.
Мал ішінен айналып,
Кґѕілі жаќсы жайланып,
Бай да келер ауылєа,
Аяѕшылы жылпылдап;
Сабадан ќымыз ќўйдырып,
Ортасына ќойдырып,
Жасы їлкендер бір бґлек
Кеѕесіп, кїліп сылќылдап.
Жалшы алдаєан жас бала,
Жаєалайды шешесін
Ет јпер деп ќыѕќылдап.
Кґлеѕке ќылып басына,
Кілем тґсеп астына,
Салтанатты байлардыѕ
Самаурыны бўрќылдап.
Білімділер сґз айтса,
Бјйгі атындай аѕќылдап,
Ґзгелер басын изейді,
Јрине деп маќўлдап.
Аќ кґйлекті, таяќты
Аќсаќал шыєар бір шеттен
Малыѕды јрі ќайтар деп,
Малшыларєа ќаѕќылдап.
Бай байєўсым десін деп,
Шакырып ќымыз берсін деп,
Жарамсаќсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теѕселген
Жылќышылар кеп тўрса,
Таѕертеѕнен салпылдап.
Мылтыќ атќан, ќўс салєан
Жас бозбала бір бґлек
Су жаєалап ќутыѕдап.
Ќайырып салєан кґк ќўсы
Кґтеріле бергенде,
Ќаз сыпырса жарќылдап.
Ґткен кїнніѕ бјрі ўмыт,
Ќолдан келер ќайрат жок,
Баєанаєы байєўс шал
Ауылда тўрып кїледі,
Ќошемет ќылып ќарќылдап.
Күз
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Қыс
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Желсіз түнде жарық ай
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?