Слова песен на казахском языке

Досқа тілек
Досқа тілек айтсам деймін мен бүгін
Жұлдыз аймен сыйлап дала кеңдігін
Тілеп таудың өлігін жайған нұрдай төгіліп
Сыр ашайық арман досым кел бүгін

Сыйлар ем мен аспанның
Ең жарық жұлдызын
Қолда болса бір сен үшін асыл жан досым
Өзің салған өмірдегі адалдық өзің
Ұмытылар ма бір мен үшін
Асыл жан досым
Көз алдымда жұлдыздар
Көп сенсіз самсайды
Айырбастар бұл өмірде досым, кім сені
Қуанышты бөлісуге іздеп аңсаймын
Шалғай жүрсем сағынамын
Досым бір сені

Достың талай-талай сырын тындадым
Доспен өткен күндеріме ырзамын
Әппақ адал тілекке мөлдір достық жүректе
Көрдім бұлақ, көрдім бұлақ тұнғанын

Сыйлар ем мен аспанның
Ең жарық жұлдызын
Қолда болса бір сен үшін асыл жан досым
Өзің салған өмірдегі адалдық өзің
Ұмытылар ма бір мен үшін
Асыл жан досым
Көз алдымда жұлдыздар
Көп сенсіз самсайды
Айырбастар бұл өмірде досым, кім сені
Қуанышты бөлісуге іздеп аңсаймын
Шалғай жүрсем сағынамын
Досым бір сені

Доспен өткен сағынышты жылдар-ай
Өткен күнді аңдамаппыз біз қалай
Сан сырласқан түдер-ай
Бақытты екен бақытты
Доспен өткен доспен өткен күндер-ай

Сыйлар ем мен аспанның
Ең жарық жұлдызын
Қолда болса бір сен үшін асыл жан досым
Өзің салған өмірдегі адалдық өзің
Ұмытылар ма бір мен үшін
Асыл жан досым
Көз алдымда жұлдыздар
Көп сенсіз самсайды
Айырбастар бұл өмірде досым, кім сені
Қуанышты бөлісуге іздеп аңсаймын
Шалғай жүрсем сағынамын
Досым бір сені
Егіз лебіз
с. И.Сапарбай, ә. Ж.Қыдырәлиев
Көктемгі айым дейін сені
Көктемгі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қол ұстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Жар-жар
с. А.Асылбеков
Осы омірге лайық отты жағып жар-жар
Келеді әне екі жас топты жарып жар-жар
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар
Жас келінді көрүге асығуда жар-жар
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар
Жас келінді көрүге асығуда жар-жар

Құтты болсын тойларың замандастар жар-жар
Жаңалықта жар болып қадам бастар жар-жар
Бір аттаған босаға берік болсын жар-жар
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын жар-жар
Бір аттаған босаға берік болсын жар-жар
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын жар-жар

Күндей күліп көктемгі көңілдерін жар-жар
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің жар-жар
Тұған айдай толықсып толыңыздар жар-жар
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар жар-жар
Тұған айдай толықсып толыңыздар жар-жар
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар жар-жар

Осы омірге лайық отты жағып жар-жар
Келеді әне екі жас топты жарып жар-жар
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар
Жас келінді көрүге асығуда жар-жар
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар
Жас келінді көрүге асығуда жар-жар

Құдалар
Махаббаттың күшімен отау құрды жастарым
Екі елді құда қып біріктірді бастарын
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік
Ойна, ойна, құдалар
Жастық шақты еске алып
Биле, биле, құдалар
Жүрмеңіздер кеш қалып

Отыр міне құдалар, құдағилар жиналып
Кел ортаға билейік, неге отырсыз қиналып?
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

Ойна, ойна, құдалар
Жастық шақты еске алып
Биле, биле, құдалар
Жүрмеңіздер кеш қалып

Құда құда дегізген, құйрық, бауыр жегізген
Екі жастың арқасы бізді тойға келгізген
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

Ойна, ойна, құдалар
Жастық шақты еске алып
Биле, биле, құдалар
Жүрмеңіздер кеш қалып
Махаббат жалыны
Мадина Садуақасова
Жүрегім мұздап өртеніп жаным,
Кім білген махаббаттың от боларын.
Көзімде жұмбақ, келбетің сағым,
Неліктен көзіңді алмай көп қарадың?
Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Қиылса көзім, таусылды сөзім,
Жанымды баурап алды тәтті сезім.
Махаббат жалын сыйлады таңым,
Армандап сол түндерге асығамын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Туған күн
с. Қ.Қазыбекұлы, ә. Ж.Кеңесов
Туған күн құтты болсын, ағайын
Ашшы бүгін көңіліңнің сарайын
Азырқанбай сыйлығымды қабыл ал
Қыздырып бір әннің отын жағайын
Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда

Не жетеді туған күннің тойына
Пәк ниетті арнайықшы жолына
Бабалардың жалғастырып тілегін
Ақ боз жырын ұсынайық қолына

Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда

Жаның сенің жамандықты білмесің
Дұшпандарың алыс салсын іргесін
Үлкен-кіші ағайының, достарың
Бата беріп, күліп-ойнап билесін

Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда
Дос туралы жыр
с. Т.Молдағалиев, ә. С.Бәйтереков
Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін

Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар тұрып гүлімізді сан аштық
Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық
Адассақ та бірге жүріп адастық

Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін

Өмір өзі арқамызға жүк салып
Бәрімізді қияларға жұмсады
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз
Қатар жанған екі шамға ұқсадық

Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Ертегілер әлемі
с., ә. Е. Елгезековтікі
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...

Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...