Тексты песен на казахском языке

Айымай
Келші жаныма, келші жаныма.
Махаббатым-ай, махаббатым.
Оралшы маған, оралшы маған
Бақыт құттым-ай бола әнім-ай.
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай

Арманым менің, арманым менің.
Аңсадым сені, аңсадым сені.
Бөлей курпырған көктем жаратқан
Жулдыздар сені көлге талыпқан

Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Жаным
ә.,с. Ө.Алтаев
Бір көріп ғашық болдым саған
Жүрегімде от жалындаған
Менің жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам

Неге
Қасыңа сенің бара алмаймын
Түсімде көріп аймалаймын
Көкейімнен кетпей қойды-ау
Нұр бейнең ән болып

Айтшы
Басыма қонған бағымсың ба
Арайлап атқан таңымсың ба
Енді жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам
Енді жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам

Жаным
Бір көріп ғашық болдым саған
Жүрегімде от жалындаған
Менің жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам

Неге
Қасыңа сенің бара алмаймын
Түсімде көріп аймалаймын
Көкейімнен кетпей қойды-ау
Нұр бейнең ән болып

Айтшы
Басыма қонған бағымсың ба
Арайлап атқан таңымсың ба
Енді жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам
Енді жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам

Енді жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам
Сұранам
Жаным сенен
Сұранам
Жаным сенен
Сұранамын
Сұранамын
Жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам
Жанымнан кетпеші
Тееееек
Жанымнан кетпеші
Мен сенен сұранам
Жанымнан кетпеші
Тееееек

Той жыры
с. Х.Сыдықов, ә. Д.Сүлеев
Махаббатың құдірет күші әлдилеп
Екі жастың табыстырған жүрегін
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін
Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер

Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге
Тойламаққа келді бүгін көп қауым

Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер

Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі
Жас жұбайлар, құтты болсын тойларың
Кең ашылсын болашақтың есігі
Орындалсын арман, тілек, ойларың

Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер
Асыл әжем
Асыл әжем менің асқарлы белім
Создеріңді сенің қулағыма құйып келем
Асыл әжем әнім ақылың дара
Салған жолың сара
Сол жолыңмен жүріп келем
Кобелектей гүлдер гүл ән салған
Бақытымды бірденөбір аңсаған. әжем
Балғын бала сезім арналды бұл әнім саған
Асыл әжем сәл кормесем сағынамын
Асыл әжем шырағың бол жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма

Асыл әжем панам ойлан деп балам
Оянсың деп санам ақылыңды айта бердің
Небір қызық қымбат ертегі мен жумбақ
Тарихымды тындап мен өмірге қайта келдім
Батыр екен өткен бабаларым
Сенің де бакытың ө балаларың әже
Балғын бала сезім арналады саған бұл әнім

Асыл әжем сәл кормесем сағынамын
Асыл әжем шырағың бол жағыламын
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма
Аяулым
Дос-жаранмен түсінісіп,
Жарастым ба, білмеймін.
Құпиясы дүниенің
Жаңа аштым ба, білмеймін.
Өмір деген - қалың орман.
Адастым ба, білмеймің.
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бар білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен өтермін.

Тәңірімнен құат бер деп,
Сұрадым ба, білмеймін.
Жан түсінбей жүрегімді,
Жыладым ба, білмеймін.
Сан сүрініп тіршілікте,
Құладым ба, білмеймін.

Ғашық дертті махабаттан,
Нәр алдым ба, білмеймін.
Дүниеге жұмбақ болып,
Жаралдым ба, білмеймін.
Бар ма, жоқ па, бақытымды,
Таба алдым ба, білмедім.

Анашым
с. Қ.Жұмағалиев, ә. М.Омаров
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ана туралы жыр
с. Ғ.Қайырбеков, ә. Ш.Қалдаяков
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын

Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем кеш мені
Қолыма түспеді
Сыйлар ем ,ай, күнін

Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын

Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат
Балалық жүрегім
Бол риза, анашым
Қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал

Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын

Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын

Атамекен
с. Қ.Мырзалиев, ә. Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем

Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен