Афоризмы на казахском языке. Қазақ афоризмдерi.

Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.
Абай Құнанбаев
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев
Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.
Абай Құнанбаев
Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.
Абай Құнанбаев
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай Құнанбаев
Нысап пен ұят әділеттен шығады.
Абай Құнанбаев
Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Сүйінбай Аронұлы
Ажал жетпей - өлмек жоқ.
Қорқыт ата
Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.
Әлихан Бөкейханов
Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.
Шерхан Мұртаза
Ағасы бардың - панасы бар, інісі бардың - тынысы бар.
Мақал - мәтел
Тірі адам - табылар.
Жүсіп Баласағұн
Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.
Махамбет Өтемісұлы
Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.
Сырым Датұлы
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Ғабит Мүсірепов
Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
Ғабит Мүсірепов
Ел адамымен сөйлессең - ауыл-аймағын айтады, қала адамымен сөйлессең - үйіндегі жиған-тергенін айтады, қыр адамымен сөйлессең - бота менен тайлағын айтады, ал тексізбен сөйлессең - қайдағы-жайдағы аузына келгенін айтады.
Би-шешендер